Шошқа үшін шу шығарған Бестамақтықтар шыдамның шегіне жеткенін айтады. Байбақты өзенінде балық қырылғалы бері, қорасындағы малдары да ол судан татып алмайтын болыпты. Шошқаның иісінен өзіміз де тұншығып өлетін болдық деп ашынады тұрғындар.
Айсара Нарғожина, Бестамақ ауылының тұрғыны :
—Уланып жатырмыз шынына келгенде. Ауаның барлығы уланып болды. Экология.Бестамақ пен Шобаевка мына жағымызда мұнаймен уланып жатырмыз. Мына жағымызда шоқаның боғы, мына жағымызда құстың боғы.
Шошқа фермасы индустрияландыру картасы бойынша мемлекеттің қолдауымен ашылған. Иесі ел үшін пайдалы деп жоғарыдағыларды сендіргенімен, жергілікті халықты алдап соғыпты. Себебі алғашқыда аустралияның түйеқұс пен ірі қара асыраймыз деп уәде берген екен.
Күләш Ділжанова, Бестамақ ауылының тұрғыны:
—Түйетауық әкеліп асыраймын, жаңағы мал асыраймын, қой асыраймын деген адам ғой. Соның орнына бұл шошқа әкеліп асырап отыр. Жарайды, асырай берсін, бірақ бізге зиян келтіріп отыр ғойхалыққа.Ол алдап отыр. Әкелдің ба сол шошқаңдыдұрыстап бақ, шығарма иісін, нетпе. Біз енді адамбыз ғой, мал емеспіз.
Осыдан бірер күн бұрын ауыл іргесіндегі Байбақты өзенінде балық қырылып қалған. Жұрт мұны да шошқа фермасының кесірі деп отыр.
Мгер Тертерян, шошқа шаруашылығы кешені директорының орынбасары:
—Өзенге қалдық ағызғанымызды жоққа шағырмаймын, растамаймын да. Шошқалардың нәжісі жиналатын арнайы орнымыз бар. Бірақ ақау болып, балық улануына кесіріміз тисе кешірім сұраймыз. Осы оқиғаның анық-қанығын білу бізге де керек.
Мемлекеттің қолдауына ие болған қожалық фермадағы барлық қалдықты қайта өңдеп шығаруы тиіс. Бірақ қора сыртында шашылып жатқан мына өлекселерге қарап міндетін адал атқарып отыр деп айта алмайсың.
—Шошқа фермасының қожайындары ауыл іргесінен ор қаздырып, өлекселерді осы жерге төктірген. Ол бірнеше жылдан бері ашық жатыпты. Бақтыбай өзеніндегі балықтың жаппай қырылуынан соң тексеру келеді дегенді естіген кәсіпкер жұмысшыларына бір күнде көмдіріп тастайды.
Жергілікті шенеуніктер аудан бюджетіне жылына 60 млн теңге салық төлеп отырған қалталы кәсіпкерге шаң жуытқысы келмейді.