Жарияланды: 30

Шоу бизнес өкілдері қалай күн көріп жатыр?

Шоу бизнес өкілдері қалай күн көріп жатыр? Сурет - Tengrinews.kz

Райдерін аспандатып, бір тойдан он мың долларды қалтасына басып, кейін тапқан-таянғанын оң-солды шашқан шоу-бизнес өкілдеріне тықыр таянды.

Өзге мамандықтарға бет бұрған олар 100-150 мың теңге жалақы алып, соған да шүкіршілік етіп жүр. Дегенмен, арасында әлі де бейнеті басым кәсіптен қашып, Үкіметтің жәрдемақысынан дәметіп жүргендері де жетеді. Сонымен, карантинде өнер адамдарының өмірі қаншалықты өзгерді? Ысырапты тыйып, үнемдеуді үйренген кім?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талдаңда...

Ақшаң болмаса қалтаңда, шығатұғын жол таңда.

Инстаграм аман болсын дее...

«Міне, әлем ханымымен бірге отбасылық гив бастамақпыз. Сәттілік болсын. Өткендегіден қарағанда сыйлықтарымыз екі есе көп»

Тойдан қағылған шоу-бизнес өкілдерінің бір парасы байқау ұйымдастырса...

Ендігісі табысын тик-ток желісінен іздей бастады.

bayanmaxatkyzy
«Когда мне говорят, что в таком возрасте уже нужно быть по серьезнее, то я отвечаю так...»

Енді ше, тойы жоқ, концерті жоқ, әншілер қайтып күн көрер?

«Не называй меня апай, тәте на базаре, жеңеше в шымкенте++ 0022 ханым, вот ханым деп айтыңыз»

Кім-кім, әр демалысын шетелде өткізіп, қымбат көлік мініп, қысқасы үнемнің не екенін білмеген Баян ханым халықтан көмек сұрайды деп кім ойлапты?

«Это так просто, взять и растаться с 1000 тенге, за доброе дело»

Дегенмен, зорлық-зомбылық құрбандары жайлы кино түсірмекші болған продюсердің өтінішін көрермені жерге тастамады. 11 млн теңгесін жинапты. Алайда, халыққа шексіз алғысын жаудырған оның биліктегілерге айтары басқа екен.

".Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз? Мемлекеттен ешқандай көмек алған да жоқпыз! Кей әртістер амал жоқтан ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірді».
БАЯН АЛАГӨЗОВА, ПРОДЮСЕР

КҮМІС СЕИТОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Әншілерге, эстарада әншілеріне жалпы мәдениет қызметкерлеріне тікелей көмек көрсетілген жоқ. Өйткені бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді»

Хош. Такси жүргізіп, тамақ тасымалдап кеткен өнер иелерін таппадық. Соған қарағанда, жаңа қызметтерін айналаға жар салуға қымсынатын көрінеді. Дегенмен, қымыз сатып күн көргендер жетеді екен.

«Енді барлық талаптарға сай. Тәуелсіз сарапшылардың сараптауынан өткен. Бастысы бұл жерге қанша су қосылды екен деген ой болмайды»

Тізімде Сәкен Мағазиев, Бағлан Әбдірайымов, сахнаға енді қадам басқан жас әнші Шахаризат Сейдахмет те бар. Соңғысы, елде карантин енгізілмей тұрып, бір күн қалғанда мынадай әнін шығарған екен.


shaharizat_seidakhmet
«Жалған-ай, жалған-ай жанбай өшкен арман-ай. Жанды әуреге салғаны-ай»

Әттең әншінің бұл әні тағдырына әсер ететінің біліп пе еді сол кезде...

МАЙРА ІЛИЯСОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ
«Бізде былай ғой. Бір клип түсіріп, ертең өзін жұлдыз болып сезінетіндер, ұялатындай түк жоқ, бәрібір оларды ешкім білмейді. Ал енді үлкен танылған әншілерге статусына қарай жұмыс табылады»

Иә тек жұлдызбын деген «менін» ысырып, адал еңбекке деген ынтасын артырса болды. Әйтпесе, той туралы ой, үкіметтің жәрдемақысынан үміт жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін