«Облыстың үш жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға 35,1 мың шаршы (463 пәтер) метр баспана тапсырылды. Бұл жоспарланған көлемнің 154% құрады «, -деп ақпарат берді Н.Тихонюк.
Ол хабарлағанындай, несиелік баспана бойынша 133,3 мың шаршы метр немесе 1575 пәтер пайдалануға берілді. Оның 1544 сатылды. «Пәтерлердің сауда-саттығынан түскен қаржы көлемі 4579,9 млн теңгені құрап, оның 825 млн теңгесі республикалық бюджетке қайтарылды», — деп түсіндірді Н.Тихонюк.
Оның мәліметтері бойынша 2008-2010 жылдардың мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында облыс аудандары мен қалаларда жалға берілетін баспананы тұрғызу үшін республикалық бюджеттен 447 млн теңге бөлінді. «»100 мектеп және 100 аурухана» жобасы аясында мекемелердің қызметкерлеріне салынып жатқан несиелік баспана құрылыстарына 1 млрд 123 млн теңге бөлініп, көлемі 9,3 мың шаршы метрді құрайтын баспана пайдалануға беріледі», — деп хабарлады Н.Тихонюк.
Жиналыс барысында бөлінген қаржыны құрылыс нысандарын тұрғызуға уақтылы пайдаланып, монтаждық құрылыс жұмыстар мен жобалық сапаны көтеру, оларды орындау жұмыстарының бақылауын күшейту меселелері талқыланды, деп хабарлады тілші.
Жиналыс қорытындысын шығарған ШҚО әкімінің орынбасары Әділқазы Бергенов «пәрменді түрде өткен сұхбаттың тәжірибе жүзінде маңызы болуы керек. Ол облыстағы нысандарды қайта жөндеу және құрылыс жоспарларын толық орындауға септігін тигізуі керек»,- деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті