Шығыс Қазақстан облысы басшылары қойдың жүні мен сиыр терісін аймақтан тысқары жерлерге шығаруға тыйым салды.
«Малдың терісі мен жүні Шығыс Қазақстан облысы аумағынан шығарылмауы тиіс. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аппараттың кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді», — деп хабарлайды аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Б.Сапарбаевтың айтуынша, негізгі міндет – «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС мен Абай ауданындағы зауытты шикізатпен қамтамасыз ету. Сондықтан тері мен жүн жинау жұмыстарын сервистік-дайындау қосындарымен бірлесе отырып жүзеге асыру қажет.
Аймақта осындай 8 орталық жұмыс істейді.