ШҚО билік өкілдері Словакия Республикасының Трнавский аймағымен сауда экономикалық, ғылыми техникалық және мәдени қарым-қатынас жөніндегі меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО билік өкілдері Словакия Республикасының Трнавский аймағымен сауда экономикалық, ғылыми техникалық және мәдени қарым-қатынас  жөніндегі  меморандумға қол қойды

ШҚО билік өкілдері Словакия Республикасының Трнавский аймағымен сауда экономикалық, ғылыми техникалық және мәдени қарым-қатынас жөніндегі меморандумға қол қойды

Семей. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының билік өкілдері Словакия Республикасының Трнавский аймағымен сауда экономикалық, ғылыми техникалық және мәдени қарым -қатынас жасау жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 6 Наурыз 2008
  • 598
Фото - Caravan.kz

«Шығыс Қазақстан облысының басшысы Жәнібек Кәрібжанов бастаған делегация Трнавский өзін өзі басқаратын аймағында болып қайтты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Жұмыс сапары кезінде ШҚО әкімі Ж. Кәрібжанов өзін-өзі басқаратын Трнавский аймағының басшысы Тибор Микушамен кездесті. Бас қосудың қорытындысында сауда экономикалық, ғылыми техникалық және мәдени қарым қатынас жасау жөнінде меморандумына қол қойылды «, -деп хабарлады әкімдіктегілер.

Келісім бойынша шаруашылық субъектілері арасында экономикалық қатынастар кеңейтіледі, өндірістік-техникалық өнімдерді, шикі заттарды, халық тұтынатын тауарлар, азық түлікті екі жаққа жеткізудің қолайлы жағдайлары жасалады. «Сондай-ақ шаруашылық субъектілеріне шетелдік инвестицияларды тарту арқылы кәсіпорындар мен қаржылық өндірістік топтарды құру, екі жаққа тиімді болатын бірлескен жобалар мен бағдарламаларды дайындап, инвестиция салу бойынша мәселелер қолға алынды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым мен техника, мәдениет, өнер, туризм, спорт салалары бойынша қатынастарды дамытуға серпін беретін шаралар қабылданып, шығармашылық ұжымдар мен спорт делегацияларымен алмасу жөнінде келісілді «, — деді баспасөз қызметіндегілер.

Әкімдікте хабалағанындай Қазақстан мен Словакия өкілдері қол қойған меморандумның орындалуын қадағалайтын бірлескен жұмыс тобын құрды. «Бұл топ сауда экономикалық, ғылыми -техникалық және мәдени қарым қатынастардың бірлескен бағдарламасын бекітіп, болашақ және қазіргі дамыту жоспарларын жасап, ынтымақтастықты іске асыру бойынша ұсыныстарын дайындайтын болады», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сапар аясында, Шығыс Қазақстан делегациясы Дунай өзенінде орналасқан «Габчиково» ГЭС, ядролық энергетика ғылыми зерттеу институтын, ісік ауруларын анықтау орталығын, техникалық сынақ институты мен термалдық «Пиештяны» курортын және Трнава қаласының тарихи орындарын аралап қайтты. Сондай-ақ, делегация мүшелері Словакияның машина жасау қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Жұмыс сапары соңында қазақ және словак өкілдері Словакия Республикасының парламентінде Братислава қаласында ұлттық кеңесінде бас қосты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті