ШҚО Қоғамдық кеңесінде Өскеменге экологиялық апат аумағы мәртебесін беру мәселесі қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО Қоғамдық кеңесінде Өскеменге экологиялық апат аумағы мәртебесін беру мәселесі қаралды

ШҚО Қоғамдық кеңесінде Өскеменге экологиялық апат аумағы мәртебесін беру мәселесі қаралды

Өскеменде облыс орталығының экологиялық жағдайына арналған Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 534
Фото - Caravan.kz

Мәжіліске мемлекеттік органдардың, қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктердің, партияның өкілдері, Қоғамдық кеңестің экология жөніндегі жұмыс-сараптама тобының мүшелері қатысты. Сараптама тобының төрағасы Геннадий Корешков, Қоғамдық кеңес төрағасы Владимир Лопаткин облыс орталығының экологиялық ахуалы туралы баяндама жасады. Қоршаған ортаның ластануы және өңір халқының денсаулық жағдайы жөніндегі мәліметтерге сүйенген олар, Өскеменге экологиялық апат аумағы мәртебесін беру қажеттілігі туралы мәселені көтерді.

К.Корешковтың айтуынша, Өскеменнің бір тұрғынының үстінен жыл сайын «200 келі уытты зиянды қалдық» түседі екен, бұл өңірдің басқа қалаларындағы көрсеткіштен бірнеше есеге көп. Қала аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындардың шамадан тыс шоғырлануы, қоғамдық көліктер мен сапасыз отынның көк түтіні, «климаттық» штиль онкологиялық аурулардың, тыныс жолы ауруларының көбеюіне әкеліп отыр. «Қалаға экологиялық апат аумағы мәртебесін беру халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны сауықтырумен кеңінен айналысуға мүмкіндік береді», — деді сөз сөйлегендер.

Соңғы жаңалықтар