Жарияланды: 830

ШҚО тұрғыны әйеліне «ерекше» сыйлық тарту еткені үшін жазаға тартылады

ШҚО тұрғыны әйеліне «ерекше» сыйлық тарту еткені үшін жазаға тартылады Сурет - 4todarit.ru

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Глубокое ауданы Белоусовка кентінің тұрғыны Өскемен көшелерінің бірінде қарсы кездескен адамға шабуыл жасап, тоны мен телефонын тартып алған. Сөйтіп, оңай «олжасын» әйеліне сыйлаған, деп хабарлайды Baq.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушының айтуынша, ол сол күні қандай да бір қателігін жуып-шаю үшін әйелін кафеге апарған. Кафеден қайтар кезде, бағалы тон киген бір әйелді байқап қалады. Сосын, әйеліне бір шаруасы бар екенін айтып, оңаша кетеді де, қымбат тон киген әйелдің соңына түседі. Қараңғылау аулаға келген кезде ол бейтаныс әйелдің мойнына пышақ тақап, тонын шешіп беруді талап еткен. Қорқып кеткен әйел тонын шешіп берген. Тонаушы сол түні тартып алған заттарын қардың астына тығып кетеді де, ертеңінде әйеліне сыйға тартады.

Көп ұзамай бұл ісі әшкере болып, шабуыл жасаған тұрғынды 5 жарым жылға соттау жөнінде үкім шығарылды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін