ШҚО-да «Мерседес» автобусының жүргізушісі өз көлігінде өртеніп кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да «Мерседес» автобусының жүргізушісі өз көлігінде өртеніп кеткен

ШҚО-да «Мерседес» автобусының жүргізушісі өз көлігінде өртеніп кеткен

Шығыс Қазақстан облысында аудан орталығы Шемонайха қаласында ішінде жүргізушісі болған «Мерседес» шағын автобусы өртеніп кеткен.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz

Оқиға бүгін түнгі сағат 04.03-те орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Өрт сөндіру кезінде көліктің салонынан 1987 жылы туған А.В.Борисовтың денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.