ШҚО-да ондаған отбасы жылуы жоқ баспанада өлместің күнін кешуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да ондаған отбасы жылуы жоқ баспанада өлместің күнін кешуде

ШҚО-да ондаған отбасы жылуы жоқ баспанада өлместің күнін кешуде

Шығыс Қазақстан облысында 12 отбасы мүлдем жылуы жоқ баспанада өлместің күнін кешуде. Салынғанына 70 жыл болған Риддердегі үйдің жылу құбыры да әбден тозған. Ал оны жөндеуге қажетті қаржының тұрғындарда жоқ екендігі айтпаса да түсінікті. Шенеуніктер де бюджеттің жұқалығын айтып, қазандықты жөндеуді жұрттың мойнына артып қойған.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 270
Фото - Caravan.kz

Риддер әкімдігі бұл пәтерді бес баласы бар Дергачевтар отбасына осыдан 7 жыл бұрын уақытша пайдалануға берген. Содан бері олар сұп-суық үйде өмір сүріп келеді.

Ирина Дергачева, Риддер қаласының тұрғыны:

-Әуел баста-ақ бойлерді жөндеуден өткізу туралы сөз болған. Әкімдіктен де келіп қарап, қазандықтың істен шықпағанын көрді. Бірақ, неге екенін қайдам, ақыр аяғында оны мүлде тоқтатып,бүкіл үйді жылусыз қалдырды.

Пәтерлер суық әрі сыз тартқандықтан балалар да жиі ауырады. Қазір жұрт үйлерінде пимамен жүр. Ал, жуынып-шайыну үшін үнемі су ысыту керек.

Аязды күндері мұндағы 60 тұрғынның жағдайы тіпті нашарлап кетеді. Суықта үсіп өлмес үшін электр пешімен жылынуға мәжбүр. Оның да қалтаға қиын соғып тұрған жайы бар. Ал шенеуніктердің сөзі жылу құбырын халық өздері жөндесін дегенге саяды.

Сергей Харченко, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:

-Жылу электр орталығы жылуды да, суық суды да беріп отыр. Егер, олар өздері жылу қазандығын жөндеп, барлық нұсқауды орындаса және қарыздарын өтесе мұндай күйге жетпес еді.

Осы маңнан өтетін пойыздардың әсерінен онсыз да әрең тұрған қабырғалары шытынай бастаған. Саңылауларды жұрт өздері жамағанымен оның пайдасы шамалы. Ал мұндағы 12 отбасының пәтер кезегінде тұрғандарына он шақты жыл болған. Бірақ жаңа баспананың ауылы әлі алыс.  

Соңғы жаңалықтар