ШҚО-да қатты дауыл салдарынан бірқатар ғимараттар зақымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да қатты дауыл салдарынан бірқатар ғимараттар зақымданды

ШҚО-да қатты дауыл салдарынан бірқатар ғимараттар зақымданды

Қатты дауыл өңірдің Абай, Аягөз және Қатон-Қарағай аудандарындағы бірқатар ғимараттарға зиянын тигізге

  • 23 Сәуiр 2014
  • 453
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Абай ауданында желдің жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жетіп, банктердің бірінің аймақтық филиалының шатырын ұшырып жіберген, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ал Аягөз және Қатон-Қарағай аудандарында желдің жылдамдығы 18 м/с болды. Аягөз ауданында жел «Аягөз балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ шатырын көтеріп әкеткен. Қатон-Қарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылында №22 кәсіптік колледжінің оқу корпусы шатырының басым бөлігі ұшып кеткен.


Сондай-ақ, Приморское ауылындағы жартылай орта мектептің спорт залының шатыры зақымданды.

Естеріңізге сала кетейік, аймақтағы желдің жылдамдығы 18 м/с дейін жеткен. Жапа шеккендер жоқ.