ШҚО-да құтқарушылар суға кеткен 7 адамды іздестіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да құтқарушылар суға кеткен 7 адамды іздестіріп жатыр

ШҚО-да құтқарушылар суға кеткен 7 адамды іздестіріп жатыр

Шығыс Қазақстанда өткен демалыс күндері 1 жасар бала 20 литрлік ыдыста тұрған суға тұншығып, көз жұмды.

  • 30 Шiлде 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

Күршім ауданында бір отбасындағы 3 адамды Қара Ертіс ағызып әкеткен, деп хабарлады 24.кз.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, 36 жастағы ер адам суға батып бара жатқан ұлын құтқармақ болып өзенге секірген. Оның соңынан жағада тұрған екінші ұлы да сүңгиді. Алайда қатты ағыс үшеуіне де дес бермеген. Қазір оларды жергілікті тұрғындардан құралған 80 адам 11 қайықпен іздестіріп жатыр. Осыған ұқсас қайғылы жағдай өңірдегі өзге аудандарда да қайталанды. Мәселен құтқарушылар Зайсан көлі мен Сасықкөл су қоймасында жоғалған балықшыларды іздестіру үстінде. Өкініштісі, шомылу маусымы басталғалы бері аймақта 26 адам суға батып көз жұмған.

— Дәл қазір облыстық құтқарушылар тобы жалпы 7 адамды іздестіріп жатыр. Өңірде неше күннен бері жауын-шашын болғандықтан, қазір өзен су көтеріліп кеткен әрі өте лайлы.Сондықтан осы жайттар іздестіру жұмыстарын қиындатып отыр,-  деді  облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр


Соңғы жаңалықтар