Жарияланды: 450

ШҚО-дағы Черемшан құс фабрикасының жұмысшылары аштық жариялады

ШҚО-дағы Глубоковское ауданы Черемшанка ауылында орналасқан «Капитал құс фабрикасы» ЖШС-тің 12 жұмысшысы аштық жариялады, деп кәсіпорынның кәсіподақ төрғасы Ирина Русакова мәлім етті.

«Аштықты бүгінгі таңғы 8-ден жариялады. Тура әкімшілік ғимараттың дәлізінде. Талаптары қысқа ғана – жалақы бойынша және зейннетақылық қорға аударылатын барлық қарыздарды өтеу», - деді И. Русакова. Кәсіподақ жетекшісінің айтуынша, жұмысшыларды аштық акциясына баруға басшылардың 1-ші маусымға қарыздардан толығымен құтыламыз деген уәдесінде тұрмауы. «Оның орнына 6 мың теңгеден аванс бере бастады», - деді кәсіподақ жетекшісі. Жалпы алғанда «Капитал құс фабрикасы» ЖШС-тің жалақы қарыздары Т35 млн-нан, зейнетақы қорына Т65 млн-нан асып кетті. 500 жұмысшыға деп есептелген кәсіпорында қазір 300-дей адам жұмыс істейді. Черемшан құс фабрикасы 1970-ші жылдары салынған, және осы селоның қалақұрушы кәсіпорны. Оның жылдық қуаты 80-100 млн жұмыртқа. Былтыр дағдарысқа байланысты кәсіпорын жаңа «Капитал құс фабрикасы» ЖШС иесіне сатылған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть