ШҚО-дағы Черемшан құс фабрикасының жұмысшылары аштық жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-дағы Черемшан құс фабрикасының жұмысшылары аштық жариялады

ШҚО-дағы Черемшан құс фабрикасының жұмысшылары аштық жариялады

ШҚО-дағы Глубоковское ауданы Черемшанка ауылында орналасқан «Капитал құс фабрикасы» ЖШС-тің 12 жұмысшысы аштық жариялады, деп кәсіпорынның кәсіподақ төрғасы Ирина Русакова мәлім етті.

  • 1 Маусым 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Аштықты бүгінгі таңғы 8-ден жариялады. Тура әкімшілік ғимараттың дәлізінде. Талаптары қысқа ғана – жалақы бойынша және зейннетақылық қорға аударылатын барлық қарыздарды өтеу», — деді И. Русакова.

Кәсіподақ жетекшісінің айтуынша, жұмысшыларды аштық акциясына баруға басшылардың 1-ші маусымға қарыздардан толығымен құтыламыз деген уәдесінде тұрмауы.

«Оның орнына 6 мың теңгеден аванс бере бастады», — деді кәсіподақ жетекшісі.

Жалпы алғанда «Капитал құс фабрикасы» ЖШС-тің жалақы қарыздары Т35 млн-нан, зейнетақы қорына Т65 млн-нан асып кетті. 500 жұмысшыға деп есептелген кәсіпорында қазір 300-дей адам жұмыс істейді.

Черемшан құс фабрикасы 1970-ші жылдары салынған, және осы селоның қалақұрушы кәсіпорны. Оның жылдық қуаты 80-100 млн жұмыртқа. Былтыр дағдарысқа байланысты кәсіпорын жаңа «Капитал құс фабрикасы» ЖШС иесіне сатылған болатын.

Соңғы жаңалықтар