«Шығыс Қазақстан өңірінде бал шаруашылығы — кейінгі кезде дамытып жүрген саламыздың бірі. Өздеріңіз жақсы білесіздер, еліміздегі балдың 90 пайызы ШҚО-ға тиесілі. Өкінішке қарай, бірқатар себептермен бұл сала біршама нашарлап, шығатын өнім азайып қалды. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылдап, пантокрин мен бал өнімін шығару саласын дамытуға басымдық бердік», — деді облыс әкімі.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде бал Қытайға, Ресейге экспортталуда. Сонымен қатар, дәстүрлі түрде өткізілетін бал фестиваліне қатысатын мемлекеттер саны артып келеді. Бүгінде ШҚО омарташылары өздерінің өнімдерін өткізу мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерімен тиісті келіссөздер жүргізуде.
«Пантокринге тоқталатын болсақ, бұл саланы дамытуға көмек жасаудамыз. Қазіргі кезде мүйіздәріні Корея, Қытай, Ресей мемлекеттеріне экспортқа шығарып жатырмыз», — деді Б. Сапарбаев.