Жарияланды: 670

ШҚО-ның Үлкен Нарын ауылында жаңа балабақша салына бастады

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа балабақша салына бастады.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы Президент Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен 2010 жылы 28 мамырда жүзеге асырыла бастады. 8 мың халқы бар ауылда жаңа балабақша ғимаратының құрылысы үстіміздегі жылдың 15 маусымында басталды. Екі қабатты ғимарат 250 орынға есептеліп отыр. Оның 4 корпусы балаларға лайықтап жасалса, бесіншісінде әкімшілік-шаруашылық бөлім орналаспақ. Аудан әкімі аппараты таратқан хабарламаға қарағанда, бұл балабақшаны үлкеннарындықтар жиырма жыл тосқан. «Типтік жобаның алдын-ала жасалған сметалық құны - 515 млн. теңге, қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Нысанның мердігерлік ұйымы - Нығмет Шаухин басқаратын «Нарын» МКК. Бүгінгі күні бұрынғы аудандық емхананың және қосқабатты үйлердің қираған ғимараттарының орнында тегістеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада. Бүлдіршіндер жаңа балабақшаның табалдырығын 2012 жылы аттамақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін