Шри-Ланка Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Шри-Ланка Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. |
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен алдағы аптада, яғни 19-22 қараша аралығында Шри Ланка Президенті Махинта Раджапакс мемлекеттік сапармен келетін болады»,-деді ол.
Ресми өкілдің атап өтуінше, сапар барысында екі ел басшыларының саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келіссөздері мен халықаралық саясат, энегетикалық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңінен пікір алмасулары жоспарланған.
«Келіссөздер қорытындысы бойынша Астанада туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мен Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы мен Цейлон ұлттық палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде»,-деді А. Әбибуллаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін