«Шуақты жандар» жетімдерге қол ұшын созуға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шуақты жандар» жетімдерге қол ұшын созуға шақырады

«Шуақты жандар» жетімдерге қол ұшын созуға шақырады

«Шуақты жандар» алматылықтарды үйлермен достасуға шақырады. Волонтерлер осындай ерекше әдіспен жұртты жетімдерге қол ұшын созуға үндеп отыр. Жалпы шара «Сәбимен отбасының сәні кірер» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.

  • 2 Қараша 2013
  • 294
Фото - Caravan.kz

«Шуақты жандар» екі аптадан беру көмекке зәру жетімдерге киім-кешек пен азық-түлік жинауда. Керек-жарақтың алды Жамбыл ауданындағы «Қараққастак» балалар үйіне жөнелтілген де екен. Волонтерлар мұнда тәрбиеленіп жатқан үш жасқа дейінгі сәбилерге жаялықтар, ойыншықтар мен киім-кешектер апарып беріп, қуанышқа бөлеген. Күн суытқалы жеткіншектерге жылы киімдер, жамылғылар мен бөлме жылытқыштар ауадай қажет. Жалпы бұған дейін балаларға қажетті заттарды қабылдайтын орын 5 жерде ашылған болатын. Енді тағы екеуі «РТС-МИНИСТОП» дүкендер желісінде де іске қосылып отыр. Айта кетсек, аз қамтылған балаларға жәрдемдесу қарашаның 15-не дейін жалғаспақ.


Баян Қоспенбетова, «РТС-МИНИСТОП» басқармасы бастығы:

Бұған дейінгі сауда нүктелеріміз жұмыс күндері ғана істеген. Яғни, қызметінен шыға алмайтын азаматтарға қолайсыз болды. Енді тұрғындар кез келген уақытта, тіпті демалыс күндері де балаларға заттар әкеле алады.