Шұрық тесік жолдан шаршаған жүргізушілер шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шұрық тесік жолдан шаршаған жүргізушілер шу шығарды

Шұрық тесік жолдан шаршаған жүргізушілер шу шығарды

Семейде шұрық-тесік жолдан шаршаған қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық білдірді. Шеткі ықшамаудан мен қала орталығы арасында қатынайтындар бүгін көліктерін қаңтарып тастап, жүруден біржола бас тартты.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 227
Фото - Caravan.kz

Осы жолмен қатынайтын екі бағыттық автобус бар. Бірі айналма жолмен амалдап жүреді. Ал екіншісі жолдың жөнделуін талап етіп, бүгін шу шығарды. Айтуларынша, шұңқырлардың кесірінен күнделікті 200 мың теңгеге дейін зиян шегеді екен. Табыстан гөрі, шығынға шаш етектен баттық дейді. Жаңбыр жауғанда ойықтары көрінбей, жай күндері шаң көтеріліп, қиындық туғызатын көрінеді. Әкімдіктегілер болса, биыл тек жолды тегістеуге ғана шамамыз келеді деп отыр. Күрделі жөндеу жұмыстарын келесі жылы ғана бастауы мүмкін.


Райхан Меңдібаева, кондуктор:

-Алдында біз мына жерде дәл шұңқырға түсіп, қаншама кісі аударылып қала жаздадық! Одан кейін айналып келсек, бір машина сол шұңқырға түсіп аударылып жатыр. Мына жолды жөндеп берсе, қанша халық тасимыз! Оқыс жағдай болуы мүмкін!