Жарияланды: 140

Швейцарияда қатты соққан желден пойыз рельстен шығып кетті

Швейцарияда қатты соққан желден пойыз рельстен шығып кетті

Желдің қатты болғаны соншалық, Швейцарияда ағаштар электр желілеріне құлап, үйлер жарықсыз қалған.

Швейцарияда қатты соққан желден пойыз рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews Reuters-ке сілтеме жасап. Соның салдарынан сегіз адам зардап шекті.

Сондай-ақ желдің қатты болғаны соншалық, Швейцарияда ағаштар электр желілеріне құлап, үйлер жарықсыз қалған. Елдің орталығында орналасқан Ленк қаласының маңында локомотив рельстен шығып кетті.  "Мен ешқашан мұндайды көрген емеспін", - деді тасымалдаушы.  

Желдің жылдамдығы сағатына 195 шақырымды көрсеткен. Мұндай көрсеткіш 1981 жылдан бері есептеуд басталғаннан бері тіркелген бірінші жағдай. Жергілікті қызметтер дауылды ескертулер жіберіп жатыр. Жолдар жабылып, пароммен адам тасу қызметі және әуе рейстері тоқтатылды. 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін