Шығыс Қазақстан Алматы облыстарының кеден бекеттерінде "Таза көлік" операциясы өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан Алматы облыстарының кеден бекеттерінде "Таза көлік" операциясы өткізілді

Шығыс Қазақстан Алматы облыстарының кеден бекеттерінде "Таза көлік" операциясы өткізілді

Астана. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Респубикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол полициясы комитетімен бірлесе отырып "Таза көлік" операциясын өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Наурыз 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, «аталмыш операция Шығыс Қазақстан және Алматы кеден бекеттерінің қызмет ету шеңберінде жүргізілген».

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 548 көлік құралы тексерілді. ҚР заңнамасының 91 бұзылу дерегі анықталды. Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғандығы үшін жүргізушілерге 18 әкімшілік хаттама , көлік құралдарын құжатсыз және басқару құқынсыз басқарғаны үшін 38 әкімшілік хаттама және басқа заң бұзушылықтар бойынша 32 әкімшілік хаттама толтырылды.

Барлық анықталған заң бұзушылықтар тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына немқұрайды қатынасқанын көрсетіп отыр.

Болашақта осындай операцияларды тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарда бар, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті