Шығыс — Қазақстан облысында «Өскемен — Риддер — Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының Белоусовка — Риддер (15-105 км) және «Өскемен — Зыряновск — Қатонқарағай — Рахманов бұлақтары» автожолының Ушаново — Серебрянск (6-65 км) учаскелері көліктер үшін ашылды.
«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, таңертеңгі сағат 08.00 бастап «Өскемен — Риддер-Ресей мемлекеті шекара» (45-105 км) автожолының Секисовка-Риддер» учаскесі бойында тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар автокөліктердің жол қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жолда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның арнайы техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8 (7232) 26-28-08 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.