Шығыс Қазақстан облысында балшық кенінде мамонттың тұмсығы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында балшық кенінде мамонттың тұмсығы табылды

Шығыс Қазақстан облысында балшық кенінде мамонттың тұмсығы табылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 - тамыз. СЕМЕЙ. Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында, балшық кенінде мамонттың тұмсығы табылды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне өлкетану мұражайының директоры Наталья Дубинчик хабарлады.

  • 27 Тамыз 2007
  • 497
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, мұражайға екі жас жігіт келіп, балшық шығатын карьерде мамонттың тұмсығына ұқсас бір зат тауып алғандықтарын хабарлаған. Аталған жерге мұражайдың қызметкерлері мен облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлері барған. «Тұмсықты і алып шығу үшін біраз тер төгуге тура келді: қазуға екі сағаттан астам уақыт кетті, себебі оны өте ептілікпен істеу қажет болды — сүйектер көз алдымызда шашылып жатты»,- деді Н. Дубинчик.

Табылған затты зерделеп, мамандар мұның расында да 400 мың жылғы бұрынғы мамонттың тұмсығы деген қорытындыға келді. «Бұл облыс бойынша біздің жерімізге мамонттардың келгендігі ғылыми тұрғыдан расталған 48-ші оқиға»,- деп атап өтті Н. Дубинчик.

Табылған олжа өлкетану мұражайына берілді.