Шығыс Қазақстан облысында бруцеллез дертін жұқтырған 500 басты мал жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында бруцеллез дертін жұқтырған 500 басты мал жойылды

Шығыс Қазақстан облысында бруцеллез дертін жұқтырған 500 басты мал жойылды

АСТАНА. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында бруцеллез дертін жұқтырған 500 басты мал жойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz

Жұқпалы дерттің қоздырғышы Зайсан ауданы Кеңсай ауылындағы Бұлқайыр қыстағында табылған. Министрліктің ақпаратына сәйкес, 1-сәуірде ауырған мал республикалық бюджеттің есебінен жойылды.

Ауданда бруцеллезге қатысты шектеу шаралары енгізілді. Малмен қарым-қатынаста болған адамдар тексерілді. «Ауру жұқтырған адамдар табылған жоқ», деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті