Шығыс Қазақстан облысында күн суытатындығы жөнінде ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында күн суытатындығы жөнінде ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында күн суытатындығы жөнінде ескерту жарияланды

Өскемен. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында күн суытатындығы жөнінде ескерту жарияланды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ШҚО төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Жолдарда қарыс адым жер көрінбей қалуға байланысты облыс орталығынан шығатын жол барлық бағыттарда жабылды. Қар жауу, боран соғу жалғасып, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін, кей жерлерде секундына 27 метрге дейін жетуіне байланысты халыққа елдімекендердің аумағынан тысқары шығуға, саяхатқа шығуға жасалған жоспарларынан бас тарту, су қоры мен дербес жарық көздерін қамтамасыз етуге кеңес берілді. Шаруашылық нысандарының басшылығына өндірістердегі сыртқы жұмыстарды тоқтату, тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастыру, электр қамтамасыздығының апаттық көздерін дайындау, өрт сөндіру құралдарын әзірлеу тапсырылды», — деп хабарлайды департамент.

ШҚО күн райын бақылау орталығының мәліметінше, мұндай күн райы ахуалы 30 желтоқсанға дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті