Шығыс Қазақстан облысында күшті желден ғимараттардың шатырлары бүлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында күшті желден ғимараттардың шатырлары бүлінді

Шығыс Қазақстан облысында күшті желден ғимараттардың шатырлары бүлінді

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында күшті желден ғимараттардың шатырлары бүлінді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Шiлде 2007
  • 401
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Катон-Қарағай ауданында, Большенарым, Солдатово, Приморское, Солоновка және Коробиха елдімекендерінде 1-шілдеде 14 және 14 сағат 15 минут аралығында жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен қатты жел тұрып, нөсермен қоса бұршақ жауды. Оқыс оқиғаның салдарынан тұрғын үй және әкімшілік секторға материалдық шығын келді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Аудандық комиссия оқыс оқиғаның ауқымы мен материалдық шығын көлемін есептеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті