Жарияланды: 630

Шығыс Қазақстан облысында "Пенитенциарлық мекемелердегі адам құқығы" деген тақырыпта екінші мектеп ұйымдастырылмақшы

31-қазан мен 3-қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысында "Пенитенциарлық мекемелердегі адам құқығы" деген тақырыпта екінші мектеп ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық бюроның баспасөз қызметінен хабарлады.

Семинар Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық бюроның Шығыс Қазақстандық филиалы, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы, Шығыс Қазақстан обьлыстық ІІББ, Шығыс Қазақстан облыстық С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университеттері бірлескен жоба аясында Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қаржыландыруымен өткізіледі. Семинарға Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен тергеу абақтыларының 20 қызметкері қатысады. Жобаның басты мақсаты - қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлеріне адам құқығының теориясы мен философиясынан, тұтқындармен қарым-қатынас жөніндегі халықаралық стандарттардан дәріс оқуға саяды. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы түрме жүйесін ашықтық пен жариялылық жағдайына көшіруге мүмкіндік бермек. Мектептегі сарапшылық және жаттықтырушылық міндеттерді танымал заңгерлер, ғалымдар мен Шығыс Қазастан облыстық құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері атқарғалы отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін