Шығыс Қазақстан облысында қуатты үнемдеу жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы дайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында қуатты үнемдеу жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы  дайындалды

Шығыс Қазақстан облысында қуатты үнемдеу жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы дайындалды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. ӨСКЕМЕН. Шығыс Қазақстан облысында қуат үнемдеу жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы дайындалды, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 570
Фото - Caravan.kz



Тұжырымдаманы облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әзірледі.

Баспасөз қызметінен атап өткендей, қуатты үнемдеу жөніндегі тұжырымдама кешенді құжат болып табылады, ол 2007 — 2024 жылдарға арналған Қазақстанның тұрақты дамуға өту Концепциясын жүзеге асыруға қатысты 2007 — 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен және Қазақстан Республикасының «Қуатты үнемдеу туралы» заңымен толық сабақтас. Бағдарламаны орындаудың бірінші кезеңі 2007 — 2010 жылдарға есептелген.

Концепция облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. «Аталмыш жобаны жүзеге асыру жылу-энергетикалық кешен нысандарына түсетін салмақты төмендетуге және де әлеуметтік проблемаларды шешуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Тұтынушыларды есепке алу жүйесі құралдарымен қамтамасыз ету және қуат тасымалдаушылардың шығынын коммуналдық-тұрмыстық сектордағы қуатты үнемдеуді жүзеге асырумен қатар реттеу қуат ресурстарына деген қажеттілікті қысқартуға мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

Облыстың ірі кәсіпорындарының қуатты үнемдеу шараларын қаржыландырудың жалпы шығыны 117 007 млн теңге көлемінде бағаланып отыр. Электр энергетикасы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2007-2010 жылдардағы күтіліп отырған отын үнемділігі: электр қуатында — сағатына 391 943 млн кВт, жылу энергиясында — 53 955,3 мың Гкал, отын — 26 877,7 мың тоннаны құрайды.