Шығыс Қазақстан облысында радиация деңгейі шектеулі шамадан жоғары автокөлік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында радиация деңгейі шектеулі шамадан жоғары автокөлік ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында радиация деңгейі шектеулі шамадан жоғары автокөлік ұсталды

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. 12-наурызда Шығыс Қазақстан облысындағы "Оба" кеден бекетінде мекеме қызметкерлері "ВАЗ-21112" автокөлігінен радиация деңгейі шектеулі шамадан жоғары датчик табылуға байланысты ұстады.

  • 14 Наурыз 2007
  • 469
Фото - Caravan.kz

Радиологиялық өлшемдер барысында (гамма сәуле бойынша) табиғи фон 0,07-0,09 мкЗв/сағ, автокөлікті бойлай 0,031-0,076 мкЗв/сағ, көліктің астындағы фон 0,08-0,09 мкЗв/сағ, салонда 0,07-0,08 мкЗв/сағ, жүксалғышында 0,646 мкЗв/сағ, датчиктің өз маңында 10,146 мкЗв/сағ екені анықталды.

Көлік құралы оқшауланып, айналасына қоршау қойылып, радиациялық ластану туралы белгілер қойылды. Ұсталған жүкті арнайы комиссия 14-наурызда тексереді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті