Шығыс Қазақстан облысында шекарадан аузына героині бар түйіншек салып өтуге әрекет жасаған әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында шекарадан аузына героині бар түйіншек  салып өтуге әрекет жасаған әйел ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында шекарадан аузына героині бар түйіншек салып өтуге әрекет жасаған әйел ұсталды

СЕМЕЙ. 11-шілде. Kazakhstan Today. "Семей" кеденінің қызметкерлері шекарадан аузына героині бар түйіншек салып өтуге әрекет жасаған әйелді ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Семей" кеден бекетінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Шiлде 2007
  • 407
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 жастағы Қазақстан азаматы Ресейдің Горняк қаласынан Жезкент ауылына қарай жаяу келе жатқан «Жезкент» бекетіндегі кедендік тексеру кезінде кеденшілер оның аузынан героин оралған түйіншек тапты. «Түйіншектің ішінде күміс түстес фольгаға оралған ақшыл қоңыр түсті ерекше исі бар зат болған. Сараптама бұл заттың 0,25 грамм героин екенін көрсетті», -дейді кеденшілер.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 250 бабы, 1 тармағы бойынша (айналымнан шығарылған заттардың немесе айналымына тыйым салынған заттардың контрабандасы) және 259 бы, 1 тармағы бойынша (есірткілік және психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе сату) қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті