Жарияланды: 520

Шығыс Қазақстан облысында танкке қарсы қолданатын мина табылды

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласындағы Защита ықшам ауданында темір жол контейнерлерін жүктен босататын алаңда танкке қарсы қолданатын мина табылды.

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының баспасөз қызметінен бүгін, 17-шілдеде хабарлады. Оқиға болған жерге төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, ҰҚК мен облыстық ІІБ өкілдері келіп жетті. Әскери бөлімшенің саперлері минаны қауіпсіз жерге жеткізді. Кейінірек минаның оқыту мақсатындағы құрал екені анықталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін