Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам, соның ішінде екі бала қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам, соның ішінде екі бала қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам, соның ішінде екі бала қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам, соның ішінде екі бала қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Шiлде 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «БМВ» және «ВАЗ-2115» автокөліктері 24 шілдеде 20 сағат 10 минутта Омбы- Майкапшағай тас жолының 661-ші шақырымында соғысқан. Апат салдарынан 32 жастағы «ВАЗ-2115» жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 35 осы көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы — 13 және 5 жастағы екі бала ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 жастағы «БМВ» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, «ВАЗ-2115» көлігінде отырған тағы бір әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті