Лариса Гречушникованың айтуынша, жоба «Ауылдан шықпай» деген атауға ие болған. «Ауылдың жұмыссыз әйелдерін жаңа кәсіпке үйретіп, оларға өздерінің жеке істері мен өндірістерін ашуға немесе өз бетінше табыс табуларына жағдай жасайды»,- деді ол.
Лариса Гречушникова, бұл жобаның осы тектес басқа жобалардан айырмашылығы ауыл тұрғындарының оқу үшін өз отбасыларын тастап, Өскеменнен ешқайда кетпейтіндігінде: оларды өздерінің туған ауылдарында немесе аудан орталығында оқытады.
Лариса Гречушникованың ақпараттарына сүйенсек, жобаны жүзеге асыру кезінде ауданда 33 әйел оқытылған. Қазір 17 жұмыссыз оқуға жіберілген, олардың 7-уі «тігін — ұлттық киім тігу» мамандығы бойынша оқытылуда.
«Біз жұмыссыз оралман әйелдерді де шетте қалдырмаймыз»,- деді Лариса Гречушникова. «Олар мамандықты жергілікті бюджет есебінен алады, сонымен қатар оларға ішіп-жемге кеткен шығындары да төленеді»,- деп түсіндірді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті