Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық әкімдіктері бірқатар кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық әкімдіктері бірқатар кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық әкімдіктері бірқатар кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Өскемен. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық әкімдіктері бірқатар кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Наурыз 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Өзара ынтымақтастық туралы меморандум Өскемен арматура зауыты, Бұқтарма цемент зауыты, «Гидросталь», «Кседа», «Силикат» кәсіпорындары мен Өскемен, Семей қаласының, Зырянов ауданының әкімдігі арасында жасалды. Қол қойылған келісімге сәйкес, бизнесмендер қаражаттарын әлеуметтік және экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға сала алады», — деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, үш жылға жасалған меморандумға сәйкес, кәсіпкерлер 1 млрд 345 млн теңгені жолдар салу және оны жөндеу, балалар мекемелері мен қарттар үйіне көмектесу секілді әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті