Шығыс Қазақстан ТМРА бөлімінің бастығы Т450 мың пара алғаны үшін 3 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан ТМРА бөлімінің бастығы Т450 мың пара алғаны үшін 3 жылға сотталды

Шығыс Қазақстан ТМРА бөлімінің бастығы Т450 мың пара алғаны үшін 3 жылға сотталды

Өскемен сотының үкімімен Шығыс Қазақстан бойынша табиғи монополияларды реттеу аганенттігі департаментінің техникалық реттеу бөлімінің бастығы А. Қалиахметов Т450 мың пара алғаны үшін айыпты деп танылып, 3 жылға сотталды. Ол сондай-ақ 3 жылға мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айрылды, деп ШҚО облыстық сот баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Маусым 2011
  • 373
Фото - Caravan.kz

Іс материалдарынан шығатындай, былтырғы жылдың қыркүйегінде ЖҚС қызметіне лицензия сұрап келген кәсіпкермен сұхбат барысында А. Қалиахметов қызмет бабын пайдаланып, $4 мың талап еткен. Бұл ретте кәсіпкер әр сомамен әр мезгілде барлығы Т450 мың ақшаны шенеунікке берген.

2010-шы жылғы желтоқсанда кезекті параны алу үстінде шенеунікті полиция қызметкерлері қолға түсірді.

Соңғы жаңалықтар