Жарияланды: 460

Шығыс Қазақстанда жалақы бойынша қарызы бар кәсіпорындарға айыппұл салынды

Жыл басынан бері Шығысқазақстандық кәсіпорындардың жалақы бойынша қарыздары шамамен екі есеге артты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстанның бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаменті.

«Жылдың басында жалақы бойынша қарыз көлемі Т88 млн болса, мамыр айының ортасында бұл сан Т156 млн-ға дейін, яғни шамамен екі есеге артты», - деп хабарлайды департамент. Негізгі борышкерлердің қатарында Өскемен, Семей және Глубоков ауданының кәсіпорындары, соның ішінде жалақы бойынща қарызының Т7,5 млн-нан Т17,1 млн-ға дейін көбеюіне жол берген «ВостокРоссКомплект», «Шығыс сусындары» ЖШС (Т54,9 млн), «Капитал құс фабрикасы» ЖШС (Т8 млн-нан Т35 млн-ға дейін өскен) бар. Департаменттің хабарлауынша, бірқатар борышкер кәсіпорындар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, «Интеркам-Восток» ЖШС (жалақы бойынша қарызы Т9 млн) Т141,3 мың төлеуге міндеттелсе, «Капитал құс фабрикасы» ЖШС-іне ( бұрынғы «Черемшанская птицефабрика плюс») соңғы үш жылда зжалпы сомасы Т715 мың болатын 5 рет айыппұл салынды. «Жалпы, жыл басынан бері жалақыны уақытында төлемеген 21 жұмыс беруші жауапқа тартылып, Т55 млн соманың жалақы бойынша қарызы өтелді. Ай соңына дейін Черемшанская құс фабрикасында, маусым айында «Интелкабель» ЖШС-інде (Т1,7 млн) жалақы бойынша қарыз өтелуге тиіс», - деп хабарлайды департаменте.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть