Шығыс Қазақстандық үкіметтік емес ұйым өкілдері мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық мәселесін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстандық үкіметтік емес ұйым өкілдері мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық мәселесін талқылайды

Шығыс Қазақстандық үкіметтік емес ұйым өкілдері мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық мәселесін талқылайды

19-тамызда Өскеменде Шығыс Қазақстан облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың бірінші облыстық бас қосуы өтеді. Бас қосу "Үкіметтік емес ұйымдар және мемлекет : бірлескен-іс-қимылдар тәжірибесі және болашақ" тақырыбына арналады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасынан хабарлады.

  • 15 Тамыз 2003
  • 499
Фото - Caravan.kz

Бас қосуда үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланып, Азаматтық форумға қатысушы өкілдер тағайындалады. Бас қосудың күн тәртібінде сондай-ақ, жалпы отырыс, облыс әкімінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ықпалдастық жөніндегі Кеңес туралы тәртіптерді қарау, төрт тақырыптық секция бойынша пікір алмасу көзделген.

Сондай-ақ, бас қосу барысында үкіметтік емес ұйымдардың тұсаукесер материалдарынан көрме ұйымдастыру жоспарланған.
Конференцияға Шығыс Қазақстан облысындағы 50-ден астам үкіметтік емес ұйымдар, облыстық және қалалық департаменттер мен басқармалардың өкілдері, облыс қалалары мен аудандарындағы ішкі саясат бөлімдерінің меңгерушілері қатысады. Бас қосуды Шығыс Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы мен ішкі саясат департаменті ұйымдастырғалы отыр. Конференция Үкіметтік емес ұйымдардың жалпы республикалық сьезі — Азаматтық форум қарсаңында өткізілмекші. Қыркүйек айының үшінші онкүндігіне белгіленген Азаматтық форумға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар