Шымбұлақта алғашқы қар жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымбұлақта алғашқы қар жауды

Шымбұлақта алғашқы қар жауды

Тамыз айының соңында Шымбұлақты қар басып қалды.

  • 29 Тамыз 2018
  • 56
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы демалыс орнында сейсенбі 28 тамыз күні қар жауды.

"2018 жылдың 28 тамызында @shymbulakmountainresort демалыс орнында алғашқы қар жауды. Алдағы демалыста күн жылынады", — деп хабарланды курорттың ресми Instagram парақшасында.

Видеода көрінгендей, тауды қалың қар басып қалыпты. Ал Алматы қаласында ауа температурасы 20 градустай болған еді.

Айта кетсек, Шымбұлақта қардың "мезгілсіз" жаууы – жиі болатын құбылыс. Соңғы рет мамырдың соңында демалыс орнында қапалақтап қар жауған еді.


Шымбұлақ – Іле Алатауы етегінде орналасқан тау шаңғысы демалыс орны. Іле Алатауы ұлттық саябағында 2200—2500 метр биіктікте жатыр. Бұл жерде ауа температурасы Алматыдан қарағанда анағұрлым төмен.

 

Соңғы жаңалықтар