Шымкент іргесіндегі көлде пілдер шомылып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент іргесіндегі көлде пілдер шомылып жүр

Шымкент іргесіндегі көлде пілдер шомылып жүр

Шымкенттегі көлде пілдер шомылып жүр. Бұл қиялғажайып әңгіме емес. Күнгейге варшавалық цирк гастрольмен келді.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 767
Фото - Caravan.kz


Бүгін цирк қызметкерлері Магда және Джени атты қос үнділік пілді Шымкенттің қақ ортасындағы Тұлпар көліне шомылдыру үшін алып барды. Мұндайды көрмеген шымкенттіктер де аң-таң. Жетектескен алып жануарлар үнді фильмінің кейіпкері секілді бір-біріне су шашып, біраз сергіді. Еуропалық цирк өкілдері Шымкентте болған бір жарым ай ішінде 45 жастағы пілдерге күнде шлангтан су шашып келген екен. Енді гастрольдердің соңында көлге алып барып, хайуандарға осындай сый жасап отыр.