Жарияланды: 1900

Шымкент қалалық АХАЖ бөлімінде туу туралы куәліктер жетпей жатыр

Шымкентте жаңадан туған нәрестелердің ата-аналары қалалық АХАЖ бөлімінде туу туралы куәліктер таусылып қалуына байланысты бала туғанда берілетін бір мәрте жәрдемақыны рәсімдей алмай отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Қалалық АХАЖ бөлімінің бас маманы Динара Тілепованың айтуына қарағанда, туу туралы куәліктердің таусылып қалуына қаладағы бала туу мөлшерінің артауы әсер еткен. Қазіргі жағдаймен қалада 8596 шарана тіркеліп, бұл көрсеткіш 2002-жылғымен салыстырғанда 1000 балаға артты. Қазір қалалық АХАЖ бөлімі жас нәрестелердің ата-анасына ресми құжат болып табылмайтын, бірақ баланың туылу дерегін ғана дәлелдейтін уақытша анықтама таратуда. Бүгінгі жағдаймен осындай 500 анықтама берілді. Зейнетақы төлеу жөніндегі қалалық орталығы туу туралы куәліктен гөрі уақытша анықтаманы қолдан жасау оңай болғандықтан, бір мәрте жәрдемақыны анықтама бойынша рәсімдеуден бас тартуда. Орталық мамандары осындай алаяқтық дерегімен тап келіп те үлгерген. Тығырықтан шығу үшін қалалық АХАЖ бөлімінің мамандары әділет министрлігінің келісімі бойынша туу туралы куәлікті туу көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен болып келетін облыстардан қарызға алуды шешіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін