Шымкент қаласында сотталған азамат сайлауға түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент қаласында сотталған азамат сайлауға түскен

Шымкент қаласында сотталған азамат сайлауға түскен

26 наурызда мәслихаттан шығып қалған депутттардың орнына өткен сайлауда жұрт күтпеген жағдай болды. Орталық сайлау комиссиясының таратқан мәліметіне қарағанда, осы додада республика бойынша 12 облыстық, 9 қалалық және 36 аудандық мәслихат депутаты сайланған. Тек бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысындағы №11 сайлау округінде сайлау өтпеді деп танылды.

  • 31 Наурыз 2017
  • 676
Фото - Caravan.kz

Облыстық мәслихаттағы №11 округте не себепті сайлаудың өтпей қалғанына тоқталсақ. Бұл округтің фавориті «нұротандық» Қайрат Сүлейменов болатын. «Рейтинг» газетіне берген сұхбатында Қайрат Сүлейменов сайлауға «Жас отан» жастар қанатының ұсынуымен түскенін, мәслихатқа солардың үмітін ақтап, мүддесін қорғау үшін бара жатқанын айтқан еді. Қ.Сүлейменов былтыр наурызда өткен сайлауда «Нұр Отан» партиясының атынан бақ сынап, «ақжолдық» Қилыбек Тұрлыбекке жол берген болатын. Бұл жолғы сайлауда жеңіске қаншалықты сенімді екені сұрағанымызда:

-Бұл бәйге, ал бәйгеде бәрі болуы мүмкін,- деген еді. Өкінішке қарай «Нұр Отанның» сенімін арқалаған кандидат бәйгеге түспей жатып-ақ тағы сүрінді. Осы округтен сайлауға түскен бес кандидаттың біреуі өз еркімен, ал екеуі әдеттегі сценарий бойынша декларациясынан ши шығып, кандидатуралары алынып тасталды. Ақырғы сәтте Қ.Сүлейменовпен бірге Бақытжан Көпбаев қана қалған. Бұл округте кімнің жеңіске жететініне енді ешкімнің күмәні жоқ еді. Алайда 23 наурызда, дауыс беруге бар-жоғы үш күн қалғанда Бақытжан Көпбаевтың кандидатурасы да алынып тасталды. Бәсекелесі жоқ Қайрат Сүлейменов сан соғып қала берді.

Б.Көпбаев сайлаудан не себепті сырт қалды? Бұл сауалдың жауабы ақылға сыйымсыздау болып тұр. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша жарыс жолынан шығып қалған экс-кандидат Абай Пірәлиев Бақытжан Көпбаевтың үстінен сотқа арыз беріп, оның бұған дейін сотталғанын мәлім еткен көрінеді. Ал заң тәртібі бойынша соттылығы бар азамат сайлауға түсе алмайды. Арызда көрсетілген жайттардың негізді екендігіне көз жеткізген соң сайлау комиссиясына Б.Көпбаевтың кандидатурасын алып тастап, бұл округте сайлауды өтпеді деп танудан басқа амалы қалмаған. Қызығы сол, сайлаукомның айтуына қарағанда Б.Көпбаев 2011 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап, төрт жылға сотталғанын, оның екі жылын өтегенін тапсырған құжаттарында көрсетпеген. Құжаттарды тексерген ішкі істер органдары мен прокуратура да мұны байқамай қалған көрінеді. Байқамай қалды ма, әлде көзжұмбайлық танытты ма?


Соңғы жаңалықтар