Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды. «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімі бойынша партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовты таныстырды.

  • 31 Қазан 2017
  • 1181
Фото - Caravan.kz

Ал Зауытбек Тұрысбеков басқа қызметке ауысуына байланысты аталған қызметтен босатылды деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Ғабидолла Әбдірахымов - «Нұр Отан» партиясының хатшысы

Мұхтар Құл-Мұхаммед З.Тұрысбековке партия қатарындағы тиімді еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне табыс тіледі. Зауытбек Қауысбекұлы аталған қызметке осы жылдың маусым айында тағайындалған болатын.

Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономист және мемлекеттік әкімшіліктік басқару мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Әр жылдары жауапты басшылық қызметтерде болды — мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.


Айта кетейік, Ғабидолла Рахматоллаұлы «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне дейін Шымкент қаласының әкімі болды.

Соңғы жаңалықтар