Шымкент түбінде Шекара қызметінің апатқа ұшыраған ұшағы үшін 18 млн. теңге өндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент түбінде Шекара қызметінің апатқа ұшыраған ұшағы үшін 18 млн. теңге өндірілді

Шымкент түбінде Шекара қызметінің апатқа ұшыраған ұшағы үшін 18 млн. теңге өндірілді

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша Шекара қызметімен апатқа ұшыраған ұшақ үшін 18 млн. теңге өндірілді, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметінен.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 585
Фото - Caravan.kz

«Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша Шекара қызметімен апатқа ұшыраған ұшақ үшін төленуі тиіс болған 134 млн. теңге сақтандыру төлемақысынан 18 млн. теңге өндірілген. Апатта қаза болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне сақтандыру төлемақыларын өндіру шаралары қабылдануда», — деп жазылған хабарламада.

Шекара қызметінің «Нефтяная страховая компания» АҚ-мен жасалынған шарттық міндеттемелердің орындалуына жүргізілген тексерудің нәтижесінде, сақтандыру оқиғасының орын алғанына қарамай, сақтандыру компаниясымен сақтандыру төлемдері жасалынбағандығы анықталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының маңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің «Ан-72» ұшағы апатқа ұшыраған болатын.


Ұшақта болған барлық экипаж мүшелері мен жолаушылар қаза болған еді.