Шымкент тұрғыны депутаттың былығын ашамын деп өзі сотталып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғыны депутаттың былығын ашамын деп өзі сотталып кетті

Шымкент тұрғыны депутаттың былығын ашамын деп өзі сотталып кетті

Әлішер Тұрсынқұлов бастығыма пара тасыдым деген сөзін сотта дәлелдей алмаған

  • 7 Ақпан 2018
  • 169
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасы атышулы жедел жәрдем стансасының көлік жүргізушісіне қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Sputniknews.kz TVK арнасына сілтеме жасап.  

Жедел жәрдем стансасының бас дәрігері әрі қалалық мәслихат депутаты Гүлнәр Құрманбекованың 16 жыл жүргізушісі болған Әлішер Тұрсынқұлов былтыр сәуір айында бастығының қылмыстарын тізбектеп ғаламторға шыққан еді. Ауызбастырық бергендерді ғана жұмысқа алады деп, ал арадағы делдал ретінде өзінің амалсыз ақша тасығанын айтып ұлттық қауіпсіздік комитетінен өзін және отбасын қорғауды сұраған. Бірақ содан кейін өзінің басы дауға қалды. Бас дәрігер бұл ақпаратты жоққа шығарып, бұрынғы жүргізушіне қарсы арызданды.

"Ол маған адамдарды алдап, сіздің атыңыздан жұмысқа орналастырамын деп ақша алдым деді. Тіпті сенің күнің осымен бітті деп, мені бопсалап, ақша талап етті. Мен жақ ашпадым. Бұл іске тергеушілерді қосқым келмеді", — дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова.

Сөйтіп Тұрсынқұловтың өзіне "пара алу" және "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды. Өткен жылдың 29 желтоқсанында Еңбекші аудандық соты жүргізушіге қатысты үкім шығарды. Бастығыма тасыдым дегенін дәлелдей алмаған Әлішерге 8 жыл бас бостандығынан айыру, мүлігін тәркілеу және өмір бойы мемлекеттік мекемеде қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағылған еді. Алайда айыпталушы тарап сот шешімімен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген. Нәтижесінде негізгі үкім өзгеріссіз қалғанымен, қосымша тағайындалған бірнеше жаза алынып тасталған.


 

Соңғы жаңалықтар