Шымкент тұрғыны өз атасын тонады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғыны өз атасын тонады

Шымкент тұрғыны өз атасын тонады

Шымкентте өзінің атасын тонаған күдікті тұтқындалды, деп хабарлады Әл-Фараби аудандық соты.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті өз атасымен түс шайысып қалған. Ұсталған адам сотта айтуынша, 88 жастағы атасы оған «Әй, нашақор, теледидарды сөндір», деген, бұл оның ызасын келтірген.

Күдікті зейнеткердің басына ағаш таяқпен бірнеше рет салып қалған. Дәрігерлер егде адамдың бас сүйегі мен миына зақым келгенін анықтаған. Қарт денсаулығымен әлек болып жатқанда, немересі оның 100 мың теңге ақшасын жымқырып, із жасырған.

Сот немерені тұтқындауға санкция берді, оған ҚР ҚК 2-бөлімінің 179-бабымен (тонау) айып тағылды.