Шымкент түрмесінде отырған нигериялықтар өз еліне экстрадициялауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент түрмесінде отырған нигериялықтар өз еліне экстрадициялауды сұрады

Шымкент түрмесінде отырған нигериялықтар өз еліне экстрадициялауды сұрады

Шымкенттегі түрмеде жазасын өтеп жатқан нигериялық сотталушылар өз еліне экстрадициялауды сұрады. Шетелдіктер бұл өтініштерін облыс прок

  • 31 Қазан 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz

Шымкенттегі түрмеде жазасын өтеп жатқан нигериялық сотталушылар өз еліне экстрадициялауды сұрады. Шетелдіктер бұл өтініштерін облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың сотталушыларды қабылдауы кезінде айтып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Нұрғалым Әбдіров ИЧ 167/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерді жеке мәселелерімен қабылдаған. Осы қабылдау кезінде сотталушы Нвоке Экендеричукву прокурорға өзінің алаяқтық әрекеті үшін түрмеге жабылғанын айта келе қалған өтеу мерзімінің қалған уақытын туған жерінде өткізгісі келетінін жеткізді. Шетелдік азамат бұл мәселе бойынша халықаралық ұйымдарға да хатпен шығыпты. Алайда жауап болмаған. Нигериялықтың өтінішін тыңдаған облыс прокуроры оған еліміздің Бас прокуратурасына өтініш қағаз дайындау қажеттігін атап өтті. «Егер екі ел арасында осындай мәселеге орай келісім болған жағдайда және Нигерия елі Қазақстанға сотталған азаматтың қалған мерзімін сондағы түрмеде өтейтіні жөнінде кепілдік берсе, экстрадициялауға рұқсат беріледі. Біз оған қарсы болмаймыз»,-деді Нұрғалым Әбдіров. Бүгінде Нвоке Экендеричукву мен оның сыбайласы Оба Жозефат түрмеде тігіншілікті меңгеріп, тіл үйреніп жүргенін айтады. Ондағы жағдайыларына шағымданбағанмен елге қайтуды армандап жүр екен.



 

Соңғы жаңалықтар