Шымкентте 20-дан астам көлік аккумуляторын ұрлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 20-дан астам көлік аккумуляторын ұрлап кетті

Шымкентте 20-дан астам көлік аккумуляторын ұрлап кетті

Шымкентте автомобиль аккумуляторларын ұрлады деп күдік келтірілгендер ұсталды.  

  • 27 Мамыр 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz

ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Шымкенттегі «Самал» шағынауданының тұрғыны полиция қызметіне жүгінген.  Ол түнде үш жүк көлігінен 6 аккумулятор жоғалғаны туралы айтқан.  Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы Шымкент тұрғынының ізіне түсті. Полицейлердің ақпаратынша, ол 11 рет аккумулятор ұрлап, шамамен 800 мың теңгені қалтасына басқан.

Сезікті түнгі уақытта дабылқаққышы жоқ көліктерді іздестіріп, кейін қолында бар заттарымен аккумуляторларын әкетіп отырған.

Тергеу кезінде тәртіп сақшылары тағы бір аккумулятор ұрысының ізіне түсті.   Полиция 37 жастағы ОҚО Ордабасы ауданының тұрғыны 13 рет  аккумулятор ұрлап, миллион теңгеден астам пайда тапты деген болжамда.  Екі факті бойынша да ҚР ҚК 188 бабына сәйкес қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.