Шымкентте 55 жастағы ұстаз жоғары сыныптың қыздарына қырындаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 55 жастағы ұстаз жоғары сыныптың қыздарына қырындаған

Шымкентте 55 жастағы ұстаз жоғары сыныптың қыздарына қырындаған

Шымкентте безбүйрек ана жаңа туған нәрестені 200 мың теңге мен алтын сырғаға айырбастаған. Мұндай сорақылық мектептегі тексеру кезінде анықталып отыр. Бір үйден 3 бала 5 ай бойы сабаққа келмеген соң, тәртіп сақшылары себебін білмекке барғанда осы шаңырақтағы жаңа туған сәбидің сатылғанын біліпті. Жалпы, тексеру барысында бір ғана мектептің өзінен талай былықтың беті ашылған.

  • 30 Мамыр 2015
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бүгін прокурорлар бір ғана мектепте болып жатқан былықты айту үшін тілшілерді шақырды. Шымкенттегі №53 оқу ордасының математигі Сайфулла Досов жоғарғы сыныптың қыздарына қырындаған.

Ермек Әйтімов, Абай ауданы прокурорының орынбасары:

-9 сыныптың екі оқушысынан арыз түсті. Математик оларды өз кабинетіне шақырып алып, жыныстық қатынасқа шақырыпты. Соны тексеріп жатырмыз. Егер, 55 жастағы ұстаздың ерсіз әрекет жасағаны расталса жазасы ауыр болады.

Тексерумен барғандар мұнан өзге де сорақылықтарға тап болды. Мұнда оқушылардың жартысына жуығы оқу жылында сабаққа келмеген. Осындай бір баланы үйін іздеп барған тәртіп сақшылары, сол үйде жаңа туған сәбидің сатылғанын анықтапты. Безбүйрек ана баласын 200 мың теңге мен алтын сырғаға айырбастап, Ақтау асырған. Ал 11-ші сыныптың оқушысы Розқұл Мәуленов ақпанның соңында жұмыс істеу үшін Кореяға кетіпті. Мұғалімдер болға оған бағаны үзбей қойып келген.

Ахмет Маншетов, №53 қазақ-өзбек мектебінің директоры:

-Өзбек тілі, биология, химия.

-Жоқ уақытында баға қойып келген ғой?

 -Жоқ, жаңылысып қойған ғой?

-Бір бағадан екі мұғалім, бір бағадан қойған. Бір мұғалім басқа бір оқушының 4-ін қойған. Ол 4-ке оқыған бала емес.

Ұстаздардың да бұл ретте өз айтарлары бар. Тек осы мектептің өзіне бір айда алты рет тексеру келген екен. Полицейлер мен прокурорлардан мезі болдық деген 50-ден астам мұғалім Бас прокуратураға шағым жазыпты. Ал, айлап мектеп табалдырығын аттамаған шәкірттерімен шаруалары жоқ.