Шымкентте 6 кг героинмен есірткі сатушы құрықталды, Павлодар облысында екі тұрғылықты тұрғыннан 100 кг жуық марихуана тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 6 кг героинмен есірткі сатушы  құрықталды, Павлодар облысында екі тұрғылықты тұрғыннан 100 кг жуық марихуана тәркіленді

Шымкентте 6 кг героинмен есірткі сатушы құрықталды, Павлодар облысында екі тұрғылықты тұрғыннан 100 кг жуық марихуана тәркіленді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. АСТАНА. Шымкентте 6 кг героинмен есірткі сатушы құрықталды, Павлодар облысында екі тұрғылықты тұрғыннан 100 кг жуық марихуана тәркіленді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 16 Тамыз 2007
  • 383
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел-тергеу тобы Шымкенттің тұрғынынан 6 кг жуық героин заңсыз сату кезінде құрықтады. «Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойныша (есірткі заттарын заңсыз сату, сатып алу, сақтау) қылмыстық іс қозғады. Ұсталған Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторына қамалды»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Павлодар облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен бірігіп жүргізген жедел іс-шаралары барысында Шідерті аулының екі тұрғынынан 99 кг салмақта марихуана тәркіледі. «Облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы ұсталғандардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», деп қосты баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті