Шымкентте әйелдер футболынан ҚР чемпионатының жеңімпаздары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте әйелдер футболынан ҚР чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Шымкентте әйелдер футболынан ҚР чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Шымкенттік қыздар Еуропа Чемпиондар лигасының үздіктерімен тең ойнап жүр

  • 16 Қазан 2022
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бүгін Шымкенттегі «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда қала әкімі Мұрат Әйтенов және Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы – «Шымкент» командасын құттықтады.

«Шымкент» әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді. Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады. Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан туған қаламыз Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды.


«Шымкент» командасы кезекті рет Қазақстанның үздігі атанып, Қазақстан чемпионатында 11-ші рет жеңімпаз деп танылып, рекорд орнатты. Дәл осы кезде, бүгін, Қазақстан премьер лигасында «Ордабасы» Қарағандының «Шахтер» командасын өз алаңында қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.