Жарияланды: 200

Шымкентте алаяқтықпен айналысқан жалған полицей ұсталды

Шымкентте алаяқтықпен айналысқан жалған полицей ұсталды

Шымкентте алаяқтықпен және тонаумен айналысты деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қылмысты жасарда полиция формасын киіп, қолдан жасалған қызметтік куәлігін өзімен бірге алып жүрген деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Әл-Фараби аудандық ІІБ-не 27 қыркүйек күні 30 жастағы жеке кәсіпкер арызданып келіп, өзін белгісіз біреудің тонап кеткенін мәлімдеген. Арызында көрсеткендей, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған орта жастағы ер азамат оның дүкенінен екі ұялы телефон мен сатуға қойылған өзге де дүниелерін қорқытып алып кеткен екен.

Полицейлер күдіктіні дереу қолға түсірді. Ол жалған полиция куәлігімен 4 қылмыс жасаған екен. Атап айтқанда, көшеде жасөспірімді ұстап алып, қолындағы смарт-сағатын шешіп алып кеткен.

Қазіргі таңда оның үстінен «тонау» және «алаяқтық» деректері бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер сондай-ақ, жәбірленгендер саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтып отыр. Сондықтан, суреттегі күдіктіден алданған немесе жәбір көргендер болса міндетті түрде «102» номеріне хабарласулары тиіс дейді тәртіп сақшылары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін